26.10.2022 | invalid

Самбодан Әлем чемпионатына баратын Ұлттық құрама белгілі болды

11-13 қараша аралығында Қырғыз Республикасының астанасы Бішкекте самбодан ересектер арасындағы Әлем чемпионаты өтеді. Онда 21 салмақта (ерлер 7, әйелдер 7, ерлер жауынгерлік самбодан 7) жеңімпаз анықталады. Бәсекенің жалпы жүлде қоры – 231 мың АҚШ доллары. Чемпионға 4 мың, күміс жүлдегерге 3, ал қос қола медальге 20 мың АҚШ долларынан беріледі.

Бішкекке аттанатын Ұлттық құрама спортшылары:

Самбодан - Қайырберді Айдынбай, Арнұр Қуатай, Есентай Имаханов, Мәрлен Жанғабыл, Еламан Қойшыбаев, Алибек Зекенов, Темірлан Көлбай;

Әйелдер – Маргарита Бажаева, Гүлдана Әлмұханбетова, Ажар Салықова, Маржан Бизақ, Ділдаш Кұрышбаева, Арайлым Әбенова, Азман Амаева;

Жауынгерлік самбо – Мирас Уәлиев, Әділбек Сейісов, Асылбек Смайылов, Әсет Анарбаев, Мәди Райхан, Айбек Саметаев, Талғат Жиентаев;

Ерлер құрамасының бас бапкері – Біржан Имаханов, ал әйелдер құрамасының бас бапкері – Құралбай Орынбасар.

Есіңізге сала кетейік, алдыңғы Әлем чемпионатын былтыр 12-14 қараша аралығында Өзбекстан астанасы Ташкент қаласы қабылдаған. Барлығы 50-ге жуық елдің спортшысы бақ сынаған сында Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте 2 алтын, 3 күміс және 4 қола медальмен Ресейден кейін екінші орын алған.

Атап айтар болсақ, әйелдер құрамасы – екінші (бір алтын, екі күміс), ерлер құрамасы – төртінші (бір алтын, екі қола), жауынгерлік самбо құрамасы – төртінші (бір күміс, екі қола) орыннан көрінді.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес