19.08.2024 | 12:44

САМБОДАН ӘЛЕМ КУБОГЫНДА ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ ТАҒЫ 2 АЛТЫН АЛДЫ

Қырғызстанның Шолпан-ата қаласында самбодан Әлем Кубогы мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Жарыстың екінші күні спортшылар қалған 14 салмақта кім мықтыны анықтады. Қазақстан командасы мұнда 2 алтын, 4 күміс және 3 қола медальге ие болды.

Чемпиондар – Арман Тұрымбетов (жауынгерлік самбо, 58 кг), Талғат Жиентаев (жауынгерлік самбо, +98 кг);

Күміс жүлдегерлер – Санжар Нұрсейіт (спорттық самбо, 79 кг), Маргарита Бажаева (спорттық самбо, 50 кг), Әсет Анарбаев (жауынгерлік самбо, 71 кг), Маржан Бизақ (59 кг);

Қола жүлдегерлер – Айғасыр Әбілов (жауынгерлік самбо, 58 кг), Тәңірберген Тергеубеков (жауынгерлік самбо, 88 кг), Ағалы Хасанов (жауынгерлік самбо, +98 кг);

Жалпы есепте біздің спортшыларға 2 алтын, 5 күміс, 10 қола жүлде бұйырды.

Фото: Қызжібек Жәнібекқызы.

 

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес