16.03.2024 | 16:02

Самирхон Абабакиров – Олимпиада лицензиясының иегері

Самирхон Абабакиров (58 кг) Қытайдың Тайань қаласында Париж Олимпиадасының лицензиясына ие болды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі

Жартылай финалда ол Филиппин өкілі Курт Бриан Барбосаны айқын басымдықпен ұтты.

Ұлттық құрама спортшысы екі раундта ірі есеппен жеңіске жетті. Есеп: 2-0.

Бірнеше сағат бұрын 20 жастағы Абабакиров Нұрхан Самидиновты (Қырғызстан), сосын Танакрит Йодракты (Таиланд) ұтты.

Бұл таеквондодан Ұлттық құраманың Париждегі ойындарға алған екіншісі жолдамасы. Кеше Батырхан Төлеуғали (-80 кг) алғаш болып «арнайы билетке» қол жеткізген.

Суреттер - Шамкен Байырбек.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес