02.11.2024 | 23:48
Бөлісу:
САНЖАР-ӘЛИ БЕГАЛИЕВ ӨЗБЕК БОКСШЫСЫН НОКДАУНҒА ТҮСІРДІ
Бокстан Будва (Черногория) қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы Әлем чемпионатында 75 кг салмақтағы Санжар-Әли Бегалиев финалда Джафарбек Шахбазовтан (Өзбекстан) 5:0 есебімен басым түсті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Отандасымыз алғашқы раундта қарсыласын 1 мәрте нокдаунға түсірді. Екі боксшы биыл мамыр айында Астана қаласында өткен жастар арасындағы Азия чемпионатының финалында да кездесіп, Санжар-Әли Бегалиев үстем болған.
Айта кетейік, Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нұрбек Оралбай 2018 жылы дәл осы салмақта жастар арасында әлем чемпионы атанған.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықҚАЗАҚСТАН БОКСШЫЛАРЫ ЖАЛПЫ ЕСЕПТЕ ТОП ЖАРДЫ
ТӨРЕХАН САБЫРХАН – ЖАСТАР АРАСЫНДА ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ
НҰРБЕК ОРАЛБАЙ ЕЛГЕ ОРАЛДЫ