16.07.2024 | 16:43

САРВИНОЗ МИРКАДИРОВА ИРАКТАҒЫ ТУРНИРДЕ ОЙНАЙДЫ

Ирактың Сулеймания қаласында 17-20 шілде аралығында үстел теннисінен «WTT Youth Contender» халықаралық турнирі өтеді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Ұлттық құрама сапынан Сарвиноз Миркадирова 19 жасқа дейінгі санатта сынға түседі. Ол топтық кезеңде Фатима Мұса (Ирак), Йекта Адибиани (Иран), Заара Тахермен (Ирак) ойнайды.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес