30.05.2022 | invalid

Семсерлесу: Әлем Кубогындағы Қазақстан құрамасының нәтижесі

27-29 мамыр аралығында Грузия астанасы Тбилисиде семсерлесуден Әлем Кубогы өтті. Жарысқа барлығы 185 спортшы қатысты. Назарларыңызға қазақстандық атлеттердің нәтижесін ұсынамыз:

Руслан Курбанов 12-орын

Ұлттық құрама көшбасшысы Херцберг Фабинді (Германия) 15-11 есебімен ұтып, 1/32 айналымға жолдама алды. Осыдан соң польяк Матеуш Анткевичты да 15-8 етіп сан соқтырды. Десе де үздік 8 спортшы іріктелген жекпе-жекте украиналық Игорь Рейзлинге 13-15 есе жіберді.

Дмитрий Алексанин 16-орын

Дмитрий Алексанин 5 қарсыласын жеңіп, 1/96 айналымға шықты. Сосын украиналық спортшыны 15/12 ұтып, таңдаулы 64 семсершінің қатарына қосылды. Үздік 32 спортшының арасына өту үшін Конгстад Конрадты (Дания) 15-11 есебімен, 16-лыққа шығу үшін мажарстандық Лимардо Рубенді 15-8 ұтты. Алайда 1/8 айналымда тағы бір Мажар елінің өкілі Тамас Котчтен ұтылып қалды.

Ерлік Сертай 30-орын

Ерлік Сертай да 5 рет жеңіске жетіп 1/96 айналымға жолдама алған. Кейіннен польяк атлетінен 15-5 есебімен айласын асырды. 1/64 кезеңде Польша өкілі Завротняк Радославты 15-10 ұтқанымен, 1/32-де француз Борел Янниктен 6-15 есебімен ұтылды.

Эльмир Әлімжанов 40-орын

Эльмир Алимжанов 5 жеңістің арқасында 1/96-ға шығып, кейін 1/64-те америкалық қарсыласын15-12 ұтты. Дегенмен 1/32 кезеңге шығу үшін француз Аллегр Полдан 11-15 есебімен ұтылды.

Вадим Шарлаимов 77-орын

Вадим 4 жеңістің арқасында 1/96 кезеңге шықты. Алайда келесі айналымда француз семсерлесушісіне жол берді. Есеп 14-15.

 

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес