29.09.2023 | 14:44

Семсерлесу шеберлері алтын үшін сынға түседі

Семсерлесуден Қазақстан ерлер құрамасы ХІХ жазғы Азия ойындарының финалына шықты, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Эльмир Әлімжанов, Руслан Курбанов, Вадим Шарлаимов үштігі жартылай финалда Гонконг құрамасын 45-30 есебімен жеңді. Қазақстанның құрамасы ертеректе ширек финалда Въетнамнан (45-26), іріктеуде Моңғолиядан (45-12) басым түскен.

Екінші жартылай финалда Жапония мен Оңтүстік Корея күш сынасып жатыр. Әзірге онда Жапония есепте алда тұр (37-30).

Финал бүгін елорда уақытымен сағат 16:30-да басталады.

Есіңізге сала кетейік, Ұлттық құрама 2018 жылғы Азиадада командалық бәсекеде жартылай финалда сүрініп, қола жүлдеге ие болған.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес