02.08.2024 | 21:05

СЕМСЕРЛЕСУДЕН БІЗДІҢ КОМАНДА 6-ОРЫНДА

Семсерлесуден Қазақстан ерлер құрамасы Париж Олимпиадасын 6-сатыда аяқтады, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Ширек финалда Қазақстан командасы Мажарстаннан жеңілген соң 5-8 орындарды сарапқа салу үшін Мысырмен сынға түсіп, 36-21 есебімен басым түсті.

Ал бірнеше сәттер бұрын 5-орын үшін кездесуде Қазақстан Италияға есе жіберді. Есеп: 36-45.

Біздің команда – Руслан Курбанов, Вадим Шарлаимов, Эльмир Әлімжанов пен Ерлік Сертай;

Италия – Федерико Висмара, Давиде де Вероли, Андреа Сантарелли, Габриэле Симини.

Суреттер: Тұрар Қазанғапов.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес