27.06.2024 | 08:14

СЕМСЕРЛЕСУДЕН ҚАЗАҚСТАН КОМАНДАСЫ АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ 

Семсерлесуден Кувейтте өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан қоржыны алтын жүлдемен толықты, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Ерлер командамыз жарыстың финалында Олимпиада чемпионы - Жапония құрамасын тізе бүктірді. Ал оған дейінгі кезеңдедерде Қатар, Қырғызстан, Гонконг құрамасынан басым түскен.

Бұл сында Ерлік Сертай, Эльмир Әлімжанов, Руслан Курбанов пен Вадим Шарлаимов өнер көрсетті. Осы квартет Париждегі жазғы Олимпиадада ел намысын қорғайды.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес