10.06.2026 | 10:07

СЕМЁН ПЕРВУШКИН МЕН ДМИТРИЙ АНУПРИЕВ МӘСКЕУДЕГІ ЖАРЫСТЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ

Академиялық ескек есуден Мәскеу қаласында өткен «Үлкен Мәскеу регатасы» халықаралық жарысында Қазақстан командасы 3 жүлде жеңіп алды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Ересектер арасында біздің спортшылар 1 алтын, 1 күміс және 1 қола медальға қол жеткізді.

Жүлдегерлер:

Алтын – Семён Первушкин мен Дмитрий Ануприев Jm2- дисциплинасы

Күміс – Бауыржан Сұлтанов пен Александр Афанасьев LM2x дисциплинасы.

Қола – Роза Кеңес Lw1x дисциплинасы

Айта кетейік, 65-ші рет өткен «Үлкен Мәскеу регатасы» турниріне 6 мемлекеттен 1300-дей спортшы қатысты. Бұл қатарда ересектермен қатар U19-23 жас санатындағы ескекшілер, ардагерлер мен пара спортшылар бар.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес