09.06.2022 | invalid

Сенімді жеңіс! Қазақстан құрамасы Камбоджаны ірі есеппен ұтты

Индонезия астанасы Джакартада әйелдер арасында көгалдағы хоккейден Азия ойындарына іріктеу турнирі өтіп жатыр. Қазақстан құрамасы 3-турда Камбоджаны 9:0 есебімен жеңіп, жеңісті сериясын жалғастыра түсті.

Гол авторлары: Айгерім Маханова, Виктория Ляпина (2), Қарлығаш Болғанбаева, Сабина Берденова, Гүлсина Ізбасарова (2), Виктория Лобанова, Эльвира Өтегенова. Матчтың үздік ойыншысы – Виктория Ляпина.

Осыған дейін біздің ұлттық құрама Индонезия (1:0) мен Өзбекстаннан (2:0) басым түскен. Енді 10 маусымда Қазақстан көш бастап тұрған Гонконгпен ойнайды. Айта кетейік, Сингапур, Қазақстан, Гонконг (Қытай), Шри-Ланка, Камбоджа, Өзбекстан, Индонезия құрамасы 14 маусымға дейін Азия ойындарының жолдама иегерін анықтайды.

 

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес