20.11.2025 | 16:38

СЕРІК АЛДИЯР ИСЛАМ ОЙЫНДАРЫНДА ЧЕМПИОН АТАНДЫ

Қазақстандық джиу-джитсу шебері Серік Алдияр Сауд Арабиясының Ар-Рияд қаласында өткен Ислам ынтымақтастығы ойындарында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясы.

69 келіде сынға түскен отандасымыз финалдық белдесуде Сауд Арабиясының өкілі Мохаммед Хураймиланы ұтты.

Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынында қазіргі сәтте 13 алтын медаль бар.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес