23.10.2022 | invalid

Шахматшы Әсел Серікбай – әлем чемпионатының күміс жүлдегері

Бүгін Италияның Сардиния аралында 20 жасқа дейінгі шахматшылар арасындағы Әлем чемпионаты өз мәресіне жетті.

Әйелдер арасында Әсел Серікбай барлық 11 ұпайдың 8,5-ін жинап, күміс жүлдегер атанды. Осы тұста қазақстандық ойыншы чемпион атанған әзірбайжандық Говхар Бейдуллаевамен бірдей ұпай жинағанын, тек жеке кездесу нәтижесінде есе жібергенін айта кеткен жөн.

Тағы бір отандасымыз Меруерт Камалиденова 8 баллмен қола медальге ие болды. Чемпионатты жақсы бастаған Лия Құрманғалиева 8 ұпаймен 6-сатыдан көрінді.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес