19.11.2025 | 12:55
Бөлісу:
ШАХМАТТАН ҚАЗАҚСТАН ӘЙЕЛДЕР КОМАНДАСЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫН ЖАҚСЫ БАСТАДЫ
Испанияның Линарес қаласында шахматтан әйелдер арасындағы командалық әлем чемпионаты басталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі
Кешегі 2 турдан кейін Қазақстан құрамасы А тобында 3-орынға тұрақтады. Алғашқы ойында біздің ойыншылар FIDE Team-ға есе жіберіп, кейін Әзірбайжаннан басым түсті. Бүгін үшінші және төртінші тур өтеді. Қазақстанның қарсыласы – Перу мен Испания. Айта кетейік, әйелдер арасындағы 10-шы командалық әлем чемпионатына (18-23 қараша) 12 үздік ел қатысып жатыр. Олар екі топқа бөлінген.
A тобы: FIDE Team, АҚШ, Қазақстан, Әзірбайжан, Испания, Перу.
B тобы: Қытай, Грузия, Украина, Франция, Өзбекстан, Үндістан.
Мұнда уақыт есептеу FIDE «жылдам классика» атап жүрген 45+30 бойынша өтеді (партияға берілген 45 минутқа әр жүрістен кейін 30 секунд қосылып отырады). Топтық кезеңде әр себеттен үздік 4 командадан анықталады. Ал 2-сатыдағы матчтар нокаут-жүйесіне ауысады (жеңілген құрама жарысты аяқтайды).
Еске сала кетейік, Қазақстан құрамасы - 2023 жылғы әлем чемпионатының және 2024 жылғы шахмат Олимпиадасының күміс жүлдегері. Қазір Ұлттық құрама 2382 орташа рейтингпен 6-орында тұр. Испаниядағы бәсекеде команда құрамы: Бибісара Асаубаева, Ксения Балабаева, Меруерт Камалиденова, Зарина Нұрғалиева, Лия Құрманғалиева, Елназ Қалиахмет. Бас бапкер – Павел Коцур.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалық
ШАХМАТШЫ БИБІСАРА АСАУБАЕВА ҮШ ДҮРКІН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ
КСЕНИЯ БАЛАБАЕВА – РАПИДТЕН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ!