07.10.2023 | 18:17
Бөлісу:
Шахматтан Ұлттық құрама Азиадада алғаш рет жүлдеге қол жеткізді
Шахматтан еліміздің әйелдер құрамасы Ханчжоу қаласында өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Шешуші 9-турда қазақ шахматшылары Өзбекстан құрамасын 3-1 есебімен жеңді. Осылайша, ұпай санын 13-ке жеткізді. Жарыс қожайыны Қытай чемпион атанса (17 ұпай), күміс медаль Үндістанға (15 ұпай) бұйырды. Толық кесте мынадай.
ХІХ ойындарда ел намысын Динара Садуақасова, Меруерт Камалиденова, Алуа Нұрманова, Бибісара Асаубаева мен Жансая Әбдімәлік қорғады. Назарларыңызға олардың статистикасын ұсынамыз:
Динара Садуақасова – 5 жеңіс, 3 тең ойын.
Жансая Әбдімәлік – 3 жеңіс, 5 тең ойын.
Бибісара Асаубаева – 4 жеңіс, 2 тең, 1 жеңіліс.
Меруерт Камалиденова – 6 жеңіс, 3 жеңіліс.
Алуа Нұрманова – 3 жеңіс, 1 жеңіліс.
Естеріңізге сала кетейік, сары құрлық Олимпиадасында жекелей сында рапид, командалықта классикалық шахматтан мықтылар анықталды.
Жалпы Азиада бағдарламасына шахмат 2006 жылы Дохадағы ойындарда кірген. Блиц түрінен Мұртас Қажығалиев чемпион атанса, аралас командалық сында Дәрмен Садуақасов және Дана Акетаевамен бірге жүлдеге бір табан жетпей тоқтаған.
Араға 4 жыл салып, Гуанчжоу қаласында (Қытай) Мұртас Қажығалиев 4-сатыдан көрінсе, Гүлісхан Нахбаева 15-орынға табан тіреген. Биыл шахматтан 3-рет Азия ойындарында жүлде жиынтығы сарапқа салынды.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықБИБІСАРА АСАУБАЕВА ГРАН-ПРИ СЕРИЯСЫНДА КӨШ БАСТАДЫ
БИБІСАРА АСАУБАЕВА ГРАН-ПРИ КЕЗЕҢІНДЕ ТАҒЫ ЖҮЛДЕ ЖЕҢІП АЛДЫ
FIDE GRAND PRIX SERIES: БИБІСАРА АСАУБАЕВА 4-ОРЫНҒА СЫРҒЫДЫ