23.12.2022 | invalid

Шахматтың рапид және блиц түрінен Әлем чемпионатының басталуына 2 күн қалды

25-30 желтоқсан аралығында Алматы қаласындағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында рапид және блиц шахматтан Әлем чемпионаты өтеді. Бұл интеллектуал спортшылар үшін жылдағы ірі бәсекенің бірі.

Додаға әлемнің 250-ден астам мықты ойыншысы қатыспақ. Олардың қатарында Әлем чемпионы Магнус Карлсен (Норвегия), вице-чемпион Жу Венджун, Американың чемпионы Фабиано Каруана, фишер шахматы бойынша Әлем чемпионы Хикару Накамура, кезекті Әлем чемпионының финалисі Ян Непомнящий бар.

Қазақстан құрамасы

Ал біз Ринат Жұмабаев, Жансая Әбдімәлік (рейтингте 2496 ұпайы бар), Динара Сәдуақасова, Бибисара Асаубаева (2440 ұпай) сынды отандастарымызға қолдау көрсетеміз.

Сондай-ақ келесі танымал спортшыларды да атап өтуге болады: Аниш Гири (Нидерланд, 2764 ұпай), Александр Грищук (ФИДЕ, 2745 ұпай), Шахрияр Мамедьяров (Әзірбайжан, 2740), Ян-Кшиштоф Дуда (Польша, 2729), Ю Янги (Қытай, 2728), қазіргі чемпион Максим Вашье-Лаграв (Франция, 2737 – блиц);

Әйелдер арасында Александра Горячкина (ФИДЕ, 2584), Екатерина Лагно (ФИДЕ, 2563), Хампи Конеру (Үндістан, 2572), Тан Чжуньи (Қытай, 2518), Нана Дзагнидзе (Грузия, 2517), Харика Дронавалли (Үндістан, 2507), Сарасадат Хадемалшариех (Иран, 2490), Антоанета Стефанова (Болгария, 2442), қазіргі чемпион Александра Костенюк (ФИДЕ, 2520 – рапид) және басқалары.

Жалпы ерлер арасында таңдаулы 149, әйелдер арасында 93 шахматшы ойнайды.

Әр ойыншыға рапидте 15 минут +10 секунд, блиц түрінде 3 минут + 2 секунд беріледі. Жүлде қоры 1 000 000 АҚШ доллары. Бас демеуші «Freedom Broker» компаниясы.

Әлем чемпионатының барлық қонағы мен қатысушысы, жарыс ұйымдастырушысы «Double Tree by Hilton 4», «Rixos 5», «Holiday Inn Express 3» қонақ үйіне орналасады.

Шахмат бойынша ерлер мен әйелдер арасындағы рапид және блицтен Әлем чемпионатының кестесі мынандай:

Күні

Іс-шара

Ерлер арасындағы турлар

Әйелдердің туры

Уақыты

 

 

25 желтоқсан

Келетін күні

 

 

07:00 – 19:00

Ресми ашылу рәсімі

 

 

 

19:30

Алдын-ала кездесу

 

 

 

20:30

26 желтоқсан

Рапид – 1 күн

1-5

1-4

 

15:00 – 20:00

27 желтоқсан

Рапид – 2 күн

6-9

5-8

 

15:00 – 19:00

28 желтоқсан

Рапид – 3 күн

10-13

9-11

 

14:00 – 18:00

29 желтоқсан

Блиц – 1 күн

1-12

1-9

 

15:00 – 18:00

 

30 желтоқсан

Блиц – 2 күн

13-21

10-17

 

13:30 -16:00

Жабылу рәсімі

 

 

 

19:00

31 желтоқсан

Кететін күні

 

 

07:00 – 00:00

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес