19.04.2026 | 15:19
Бөлісу:
ШАЙБАЛЫ ХОККЕЙДЕН ҚАЗАҚСТАН ӘЙЕЛДЕР ҚҰРАМАСЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА ҮЗДІК ҮШТІККЕ ЕНДІ
Испанияның Пучсерда қаласында 12–18 сәуір аралығында әйелдер арасындағы шайбалы хоккейден әлем чемпионатының IB дивизионы өтті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Аталған додада Қазақстан Ұлттық құрамасы сәтті өнер көрсетіп, турнир қорытындысы бойынша үшінші орынды иеленді.
Қазақстандық хоккейшілер жарыс барысында бес кездесу өткізді. Алғашқы ойында Латвия құрамасына буллиттер сериясында 2:3 есебімен жол берді. Одан кейін Нидерландыға 0:3 есебімен есе жіберді. Үшінші матчта отандастарымыз Испанияны 3:2 есебімен жеңіп, маңызды ұпай еншіледі. Келесі кездесуде Оңтүстік Кореяны тартысты ойында 4:3 есебімен ұтты. Соңғы турда Ұлыбритания құрамасымен кездесіп, 1:3 есебімен жеңілді.
Турнир қорытындысы бойынша бірінші орынды Нидерланды иеленсе, екінші орын Ұлыбритания құрамасына бұйырды. Қазақстан құрамасы үздік үштікті түйіндеді. Төртінші орынға Оңтүстік Корея жайғасса, Латвия бесінші, ал Испания алтыншы орыннан көрінді.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалық
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ – АУЫЛ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЧЕМПИОНЫ
ҚАЗАҚСТАН ХОККЕЙ ҚҰРАМАСЫ ЭЛИТАЛЫ ДИВИЗИОНМЕН ҚОШ АЙТЫСТЫ