
06.03.2025 | 16:07
Бөлісу:
ШОРТ-ТРЕК: ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА КІМДЕР ЖҮЛДЕГЕ ТАЛАСАТЫНЫ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ
Қытай астанасы Бейжің 14-16 наурыз аралығында шорт-тректен әлем чемпионатын қабылдайды, ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Қазақстан құрамасының сапында Абзал Әжғалиев, Денис Никиша, Әділ Ғалиахметов, Мерсаид Жақсыбаев, Глеб Ивченко, Яна Хан, Зейнеп Құмарқан, Ольга Тихонова, Малика Ермек пен Алина Ажғалиева жүлдеге таласады.
Ұлттық құраманың бас бапкері – Пётр Гамидов.
Еске сала кетейік, былтырғы әлем чемпионатында Қазақстан осы спорт түрінен алғаш рет жүлде жеңіп алған. Денис Никиша 500 метрге жарыста күміс жүлдегер атанған.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз: