16.12.2022 | invalid

Шорт-трек: Əлем Кубогының 4-кезеңі басталды

Бүгін Алматыдағы «Халық Арена» спорт және мəдениет сарайында шорт-тректен Əлем Кубогының 4-кезеңі басталды. Бұл 2022 жылғы соңғы жарыс. Күні бойы өткен іріктеу кезінде ертең жəне арғыгүні жүлдеге таласатын шорт-трекшілер анықталды. Ұлттық құрама спортшыларының нəтижесі: 

Ольга Тихонова, Алина Ажғалиева 1500 метрге жарыста жартылай финалда;

Ольга Тихонова, Мадина Жанбусинова - 1000 метр, ширек финалда;

Əйелдер құрамасы 3 мың метрде жартылай финалда;

Денис Никиша, Абзал Əжғалиев 500 м (1), 500 м (2) ширек финалда. Бұл кезеңде 500 метрге жарыс 2 рет болады.

Еркебұлан Шамуханов, Əділ Ғалиахметов, Нұртілек Қажғали 1500 метрге жарыста жартылай финалда;

Нұртілек Қажғали, Еркебұлан Шамуханов, Əділ Ғалиахметов 1000 метр жарыста ширек финалда; 
Еліміздің ерлер құрамасы 5 мың метр эстафетада ширек финалдан ары аса алмады. Абзал Əжғалиев, Денис Никиша, Əділ Ғалиахметов пен Мерсаид Жақсыбаев квартеті 3-топта жарысып, Оңтүстік Корея мен Бельгиядан кейін мəре сызығын кесті.

Айта кетейік, бүгін жекелей сында іріктеуден өте алмаған шорт-трекшілер ертең жұбаныш жарысына қатысып, жолдамаға тағы таласа алады.

Суреттердің авторы - Сали Сабиров.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес