22.01.2023 |

Шорт-тректен Қазақстан ерлер құрамасы Универсиаданың күміс жүлдесіне қол жеткізді

Санаулы сәттер бұрын шорт-тректен еліміздің ерлер құрамасы эстафетада ХХХ қысқы Универсиаданың күміс жүлдесіне қол жеткізді. Қазақстандық студенттер 5 мың метрге жарыста тек Оңтүстік Корея құрамасына есе жіберді. Қола жүлдені нидерландтық студенттер (7:12.450) қанағат тұтты.

Ұлттық құрама намысын Әділ Ғалиахметов, Еркебұлан Шамұханов, Валерий Клименко мен Санжар Жанысов қорғады. Айта кетейік, төртеуі де Спортты дамыту дирекциясына қарайтын Ұлттық құраманың мүшесі.

Осыған дейін біздің шорт-тректшілер аралас командалық эстафетада да 2-орыннан көрінген.

Қазір Қазақстан 3 алтын, 4 күміс және 2 қола медальмен жалпы есепте 10-орында тұр. АҚШ-тағы Универсиада бүгін аяқталады.

 

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес