21.01.2023 | invalid
Бөлісу:
Шорт-тректен Қазақстан құрамасы күміс медаль жеңіп алды
Бүгін АҚШ-тың Лейк-Плэсид қаласында өтіп жатқан қысқы Универсиадада Қазақстан қоржынына жетінші медаль түсті.
Шорт-тректен Қазақстан құрамасы аралас эстафетада мәреге Франция құрамасынан кейін келді. Ал үздік үштікті Жапония спортшылары түйіндеді.
Қазақстандықтардың аралас эстафетадағы нәтижесі 2:47.757 секунд. Ұлттық құрама намысын Яна Хан, Малика Ермек, Алина Әжғалиева, Әлішер Әбілқатимов, Әділ Ғалиахметов және Еркебұлан Шамұханов қорғады. Бас бапкер – Нұрберген Жұмағазиев. Құрама сапындағы Әлішер Әбілқатимов пен Алина Әжғалиева Орал қаласындағы Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінде оқиды. Жаттықтырушылары – Максим Лозовой, Данабек Хайыров және Ерхат Құбашев.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықДЕНИС НИКИША: «ЕРТЕҢГІ ЖАРЫС МЕН ҮШІН ОДАН ДА МАҢЫЗДЫ»