07.07.2023 | 16:52

Шымкентте нысана көздеуден VI жазғы Спартакиада өтіп жатыр

Шымкент қаласында нысана көздеуден ҚР-ның VI жазғы Спартакиадасы өтіп жатыр. Бүгін еліміздің үздік мергендері 4 жүлде жиынтығын сарапқа салды. Бүгінгі нәтиже:

Жылжымалы нысана әйелдер арасында (10 метр):

1-орын: Фатима Ирназарова (Шымкент)

2-орын: Александра Сәдуақасова (Алматы)

3-орын: Зухра Ирназарова (Шымкент)

Жылжымалы нысана көздеуден әйелдер арасында командалық сын:

1-орын: Шымкент қаласы (810 ұпай)

2-орын: Алматы қаласы (747 ұпай)

3-орын: Жамбыл облысы (739 ұпай)

Кіші калибрлі тапаншамен 25 метрден ерлер арасында:

1-орын: Никита Чирюкин (Шымкент)

2-орын: Кирилл Тявин (Алматы)

3-орын: Артемий Кабаков (Шымкент)

Кіші калибрлі тапаншамен 25 метрден ерлер арасындағы командалық сын:

1-орын: Шымкент қаласы (844 ұпай)

2-орын: Алматы қаласы (817 ұпай)

3-орын: Павлодар облысы (871 ұпай)

Бүгінгі жарыс күнінен кейін Шымкент қаласының командасы 8 алтын медальмен көш бастап келе жатыр. Айта кетейік, нысана көздеуден Спартакиадада 27 жүлде жиынтығы сарапқа салынады. Биылғы бәсекеге барлығы 9 өңірден 138 спортшы жиналды.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес