
02.11.2024 | 15:13
Бөлісу:
СИНГАПУРДАҒЫ ӘЛЕМ КУБОГЫНДА 2 СПОРТШЫМЫЗ ФИНАЛҒА ШЫҚТЫ
Сингапурда жүзуден Әлем Кубогы өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Бүгін 50 метрге брасс әдісімен жүзуде Аделаида Пчелинцева 5-ші нәтиже көрсетіп (30.60 секунд), ақтық сынға жолдама алды. Сонымен қатар ол Қазақстан рекордын тіркеді.
Ал 200 метрге шалқалай жүзуде Ксения Игнатова мәреге 8-ші жетіп, финалға өтті.
Ғалымжан Балабек 200 метрге еркін әдіспен жүзуде Қазақстан рекордын тіркеген (1 минут, 46.83 секунд). Алайда Ұлттық құрама спортшысы іріктеуден өте алмады.
Финалдар ертең Астана уақытымен сағат 15:30-да басталады.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалық
ӘДІЛБЕК МУСИН ФРАНЦИЯДАҒЫ БЕДЕЛДІ ЖАРЫСТА ЖҮЛДЕ АЛДЫ

КСЕНИЯ ИГНАТОВА ЖҮЗУДЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРДЕ ТОП ЖАРДЫ
