20.01.2024 | 23:52

Скит бағдарламасында Қазақстан 3 медаль жеңіп алды

Қазақстан әйелдер құрамасы Кувейт астанасында өтіп жатқан стенд атудан Азия чемпионатында қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Скит бағдарламасында Әсем Орынбай, Зоя Кравченко мен Ольга Панарина 333 ұпай жинады. Жекелей сында 3 мергені финалға шыққан Үндістан алтын алса, екінші орынға Қытай құрамасы жайғасты. Бұл бағдарламадағы Париж Олимпиадасының қос жолдамасы Үндістан мен Қытайдың еншісінде кетті.

Бұдан бөлек, скит бағдарламасында Қазақстан жастар құрамасы чемпион атанды. Максим Почивалов, Ратмир Еникеев, Илья Пеньков алтыннан алқа тақты. Жекелей сында Илья Пеньков 3-сатыға тұрақтап, 2-жүлдесіне қол жеткізді.

Айта кетейік, ертең Азия чемпионатының соңғы күні. Жарысты скиттен аралас жұптар (микст) қорытындылайды. Биылғы бәсекеге 35 елден 350-ден астам құрлықтағы мерген жиналды.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес