25.03.2026 | 20:46

СОФЬЯ САМОДЕЛКИНА ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЕРКІН БАҒДАРЛАМАСЫНА ЖОЛДАМА АЛДЫ

Бүгін Чехия астанасы Прагада мәнерлеп сырғанаудан әйелдер қысқа бағдарламада сынға түсіп, үздік 24 спортшы шешуші еркін бағдарламаға өтті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Қазақстан атынан өнер көрсеткен Софья Самоделкина әзірше 12-орында келе жатыр.

Софья қысқа бағдарламасында 66.95 ұпай жинады. Ол бұған дейін Милан Олимпиадасына қатысып, ТОП-10-ға кірген. Қысқа бағдарламаның қорытындысы (33 қатысушы):

1-орын Каори Сакамото (Жапония) – 79.31 ұпай

2-орын. Моне Чибэ (Жапония) – 78.45 ұпай

3. Эмбер Гленн (АҚШ) – 72.65 ұпай

12-орын. Софья Самоделкина – 66.95 ұпай

Шешуші еркін бағдарлама 27 ақпан күні өтеді. Айта кетейік, мәнерлеп сырғанаудан әйелдер арасында Софья Самоделкина былтыр АҚШ-тағы жаһандық додада 14-орынға тұрақтаған.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес