12.07.2022 | invalid
Бөлісу:
Спортты дамыту дирекциясы 3,5 айда қандай жұмыс атқарды?
Өздеріңіз білетіндей, 2022 жылдың 1 сәуірінен бастап Cпортты дамыту дирекциясы олимпиадалық емес спорт түрлерімен қатар ұлттық құрама командалардың спортшыларын олимпиадалық спорт түрлері бойынша даярлауды жүзеге асыра бастады. Осы 3,5 айда біз мемлекет тарапынан Мәдениет және спорт министрлігі арқылы көрсетілген қолдаудың арқасында мынадай жұмыстар атқардық:
1. жоспарланған оқу-жаттығу жиындары мен жарыстардың жинақтаушы жүйесі енгізілді;
2. ұлттық құрамаларды даярлауды ұйымдастыру мәселелерін шешу үшін жедел штаб құрылды;
3. ӘЧ және АЧ қорытындыларына сәйкес спорт түрлері бойынша бас жаттықтырушыларды тыңдау тұрақты негізде жүргізіледі;
4. Дирекция жанынан оқу-жаттығу процесін бақылау және спортшылардың халықаралық жарыстардағы нәтижелерін талдау үшін Инспекторлық-талдау бөлімі құрылды;
ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті жанындағы «Спортты дамыту дирекциясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының серіктестері – «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы мен SportQory қамқоршылық қоры.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз: