02.07.2025 | 13:36

СПОРТТЫ ДАМЫТУ ДИРЕКЦИЯСЫНДА СПОРТТЫ ҒЫЛЫМИ БАҒЫТТА ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Кездесу барысында Спортты дамыту дирекциясының директоры Ерлан Естек пен Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясының (APEMS) ректоры Тұрсынзада Қуанғалиева cпортты одан әрі дамыту барысында жаңа ғылыми тәсілдерді енгізуге қатысты бірқатар маңызды мәселелерді талқылады, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Атап айтсақ, тараптар спортшылардың кәсіби дайындығын жетілдіруде ғылыми әдістемелерді қолдану, оқу-жаттығу процесін заманауи зерттеулермен қамтамасыз ету, сондай-ақ ғылым мен спортты тоғыстырып, жобалар мен зерттеулер жүргізу мүмкіндіктерін қарастырды. Сонымен қатар, білікті ғылыми кадрларды даярлау, жаттықтырушылар мен спорт мамандарының білімін жетілдіру бағытында ынтымақтастық орнату жөнінде айтылды.

Кездесу қорытындысында тараптар алдағы уақытта нақты жобалар аясында бірлесіп жұмыс істеуге және спортты дамытуда ғылыми тәсілдерді жүйелі түрде енгізуге уағдаласты.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес