05.06.2025 | 17:27

СПОРТТЫҚ ГИМНАСТИКАДАН ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА 2 ЖЫЛ БҰРЫНҒЫ ТАРИХИ НӘТИЖЕСІН ҚАЙТАЛАДЫ

Бүгін Оңтүстік Кореяның Чечхон қаласында басталған спорттық гимнастикадан Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына алғашқы медаль түсті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Командалық сайыста ерлер командасы 3-орын алып, 2 жыл бұрынғы тарихи нәтижесін қайталады. Бүгін Ұлттық құрама сапында Милад Карими, Дмитрий Патанин, Ильяс Азизов, Нариман Курбанов, Роман Маменов, Әлішер Тойбазаров сынға түсті.

Ерлер арасындағы нәтиже:

1. Жапония құрамасы (253.002 ұпай)

2. Қытай құрамасы (248.265 ұпай)

3. Қазақстан құрамасы (240.301 ұпай)

4. Оңтүстік Корея (240.101 балл)

5. Қытайдың Тайпейі (236.534 балл)

Еске сала кетейік, Қазақстан 2023 жылы Сингапур астанасындағы құрлық бәсекесінде үздік үштікті түйіндеп, алғаш рет командалық сында жүлдеге ие болған. Ол кезде Нариман Курбанов, Милад Карими, Дмитрий Патанин, Дияс Тойшыбек, Әлішер Тойбазаров пен Ілияс Азизов тұғырға көтерілген.

Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес