26.06.2026 | 15:29

СПОРТТЫҚ ГИМНАСТИКАДАН  ЖАСӨСПІРІМ КОМАНДАСЫ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕСІН ЖЕҢІП АЛДЫ

Спорттық гимнастикадан Қытайдың Цуньи қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстанның жасөспірім қыздар құрамасы тарихи жетістікке қол жеткізіп, құрлық біріншілігінің қола жүлдегері атанды.

Еліміздің намысын Ева Тациева, Илана Раздықова, Ульяна Пухова, Екатерина Лебедь және Саида Қасымжанова қорғады.

Командалық есеп:

1. Қытай – 163.563 ұпай

2. Жапония – 157.329 ұпай

3. Қазақстан – 144.462 ұпай

Айта кетейік, спорттық гимнастикадан Азия чемпионаты 28 маусымда өз мәресіне жетеді. 

Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес