08.02.2026 | 21:27

СТЕНД АТУ: ЭВИЛИНА ШЕК ҚАТАРДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРДІҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ

Бүгін Қатар астанасы Дохада басталған стенд атудан Amir Cup Гран-при турнирінде отандастарымыз 3 медальға қол жеткізді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Скит жаттығуында жасөспірімдер санатындағы жекелей сында Эвелина Шек алтыннан алқа тақты. Финалда бақ сынаған тағы бір спортшымыз Лидия Башарова қоржынға қола медаль салды. Ал ерлер арасында осы жаттығуда Максим Почивалов ақтық сында 2-ші нәтиже көрсетті.

Grand-Prix Amir Cup жарысы 13 ақпанға дейін созылады. Биыл 30 мемлекеттен 200-ден астам мерген жүлдеге таласты бастады.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес