17.01.2023 | invalid

Стенд атудан Қазақстан құрамасы Әлем Кубогының жеңімпазы атанды

Марокко астанасы Рабатта стенд атудан Әлем Кубогы өтіп жатыр. Бүгін Қазақстан әйелдер құрамасы скит бағдарламасының финалында АҚШ-ты 11-9 есебімен ұтып, алтыннан алқа тақты. Бұл сында ел намысын Әсем Орынбай, Адель Садақбаева мен Зоя Кравченко қорғады. Толық нәтижесі мына жерде.

Сәл ертеректе жекелей сында Зоя Кравченко 6-шы, Әсем Орынбай 10-сатыға тұрақтаған. Қазір Қазақстан құрамасы жалпы есепте 1 алтынмен 3-орында тұр. Мұнда рейтингте ұпай үлестірілетіндіктен таңдаулы мергендер жиналған. Әлем Кубогы 24 қаңтарда мәресіне жетеді.

 

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес