09.10.2025 | 14:11

СУ ДОБЫНАН ҚАЗАҚСТАН ӘЙЕЛДЕР ҚҰРАМАСЫ ЖАРТЫЛАЙ ФИНАЛДА СЫНҒА ТҮСЕДІ

Үндістанда су спорты түрлерінен өтіп жатқан Азия чемпионатында әйелдер командалары арасында су добынан ширек финалдық бәсекелер өтті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Бұл кезеңде Қазақстан әйелдер құрамасы Сингапур командасымен кездесіп, 10:7 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, аруларымыз турнирдің жартылай финалына жолдама алды.

Келесі матчта Қазақстан құрамасы Қытай спортшыларымен кездеседі. Жартылай финалдық ойын ертең Астана уақытымен 12:00-де өтеді. 

Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес