11.10.2025 | 19:56
Бөлісу:
СУ ДОБЫНАН ҚАЗАҚСТАН ЕРЛЕР ҚҰРАМАСЫ – АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ
Үндістанның Ахмедабад қаласында су спорты түрлерінен (жүзу, суға секіру, көркем жүзу, су добы) өткен Азия чемпионаты өз мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Су добынан Қазақстан ерлер құрамасы қола медаль үшін өткен кездесуде Жапония командасымен бақ сынасып, 16:14 есебімен жеңіске жетіп, үшінші орынға ие болды. Азия чемпионатындағы Қазақстан құрамасының нәтижелері:
Құрлықтық біріншіліктің қорытындысы бойынша қазақстандық спортшылар жалпы 23 медаль жеңіп алды:
Жүзу – 1 алтын, 5 күміс, 4 қола
Көркем жүзу – 7 алтын, 2 күміс, 2 қола
Су добы – 2 қола (ерлер және әйелдер құрамалары)
Жалпы медаль саны бойынша Қазақстан екінші орынға тұрақтады. 54 медаль иеленген Қытай құрамасы топ жарса, үздік үштікті 20 жүлдемен Жапония командасы түйіндеді.
Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалық