09.10.2025 | 20:38
Бөлісу:
СУ ДОБЫНАН ҚАЗАҚСТАН ЕРЛЕР ҚҰРАМАСЫ ЖАРТЫЛАЙ ФИНАЛҒА ӨТТІ
Үндістанда су спорт түрлерінен Азия чемпионаты жалғасуда, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Ерлер арасындағы су добы сайыстарының ширек финалдық ойындары аяқталды. Қазақстан құрамасы Өзбекстан командасын 27:11 есебімен сенімді түрде жеңіп, жартылай финалға шықты.
Енді отандастарымыз келесі ойынын ертең, Қытай құрамасына қарсы өткізеді.
Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалық