06.10.2025 | 15:04

СУ ДОБЫНАН ҚАЗАҚСТАН ЕРЛЕР ҚҰРАМАСЫ ЖАРЫС ҚОЖАЙЫНДАРЫН СЕНІМДІ ЖЕҢДІ

Ахмедабад қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында су добынан Қазақстан ерлер құрамасы сәтті өнер көрсетуді жалғастырып жатыр, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Топтық кезеңнің екінші ойынында қазақстандықтар Үндістан құрамасымен кездесіп, 20:6 есебімен айқын жеңіске жетті. Келесі матч ертең Астана уақытымен сағат 13:30-да өтеді. Қарсылас – Сингапур құрамасы.

Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес