24.07.2026 | 15:58

СУ ДОБЫНАН ҚАЗАҚСТАННЫҢ U19 ЕРЛЕР ҚҰРАМАСЫ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ

​Қазақ ватерполшылары Бангкокта (Таиланд) өтіп жатқан жас ерекшелік топтары арасындағы су спорты түрлерінен Азия чемпионатында күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

​Финалда отандастарымыз Жапония құрамасына 8:12 есебімен есе жіберді. Ал қола медаль үшін өткен ойында Сингапурды ұтқан Қытай спортшыларына бұйырды.

​Су добынан Қазақстанның әйелдер құрамасы турнирді 4-орынмен аяқтады. 

Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес