22.07.2026 | 16:33
Бөлісу:
СУ ДОБЫНАН ҚАЗАҚСТАННЫҢ U-19 ЕРЛЕР ҚҰРАМАСЫ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЖАРТЫЛАЙ ФИНАЛЫНА ШЫҚТЫ
Таиланд астанасы Бангкокте өтіп жатқан 19 жасқа дейінгі жастар арасындағы су добынан Азия чемпионатында Қазақстанның ерлер құрамасы ширек финалда Өзбекстан құрамасымен кездесіп, 22:8 есебімен айқын жеңіске жетті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Ал аруларымыз 1/4 финалда Қытай командасынан 7:15 есебімен есе жіберді.
Жартылай финалда Қазақстанның ерлер құрамасы Сингапурмен кездессе, қыздар құрамасы Өзбекстан командасына қарсы ойын өткізеді.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалық