28.10.2023 | 22:49

Сұлтан Әсетұлы алғашқы алтын медальді қоржынға салды

Сұлтан Әсетұлы Албания астанасы Тиранада өтіп жатқан 23 жасқа дейінгі балуандар арасындағы әлем чемпионатында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Грек-рим күресінен 67 кг дейінгі салмақтың финалында Сұлтан түркиялық палуан Мұстафа Йылдырымның осал тұсып тапты. Аса тартысты өткен айқас 2-1 есебімен аяқталды.

Сұлтан – 23 жасқа дейінгі санатта əлем чемпионаты атанған тұңғыш қазақ палуаны.

Кеше Ұлттық құрама палуаны іріктеудегі шиеленісті белдесуде украиналық Олег Халиловтан басым түскен. Сосын, Стив Момилиа (Италия) мен Муслим Имадаевты (Ресей) жеңді. Жартылай финалда Әзірбайжан спортшысы Хасан Маммадлиді айқын басымдықпен тізе бүктірді (9-0).

Қазір Албаниядағы бәсекеде Қазақстан қоржынында 1 алтын, 1 күміс пен 2 қола жүлде бар.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес