02.06.2023 | 20:29

Сұңғат Жұбатқан Душанбедегі Гран-приде жүлде алды

Тәжікстан астанасы Душанбеде дзюдодан Гран-при бәсекесі өтіп жатыр. Ұлттық құрама спортшысы Сұңғат Жұбатқан 66 кг дейінгі салмақта қола жүлдегер атанды.

Ол алғашқы белдесуінде Израиль дзюдошысын, 2-айналымда жарыс қожайыны Нұрали Эмомалиді ұтқан. Алайда ширек финалда ресейлік Мурад Шопановқа есе жіберді. Одан кейін жұбаныш белдесінде Ұлыбритания палуаны жеңіп қола медаль үшін күресуге мүмкіндік алды. Мұнда ол испаниялық Адриан Нето Чинарродан басым түсті.

Бұл Ұлттық құраманың осы турнирдегі алғашқы медалі.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес