27.06.2025 | 16:49

ТҮРКИЯДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАРЫСТА ДИАНА КАЮМОВА МЕН СВЕТЛАНА АНКИЧЕВА КҮМІС ЖҮЛДЕГЕ ИЕ БОЛДЫ

Түркияның Коджаэли қаласында күрес түрлерінен халықаралық жарыс өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Бүгін әйелдер күресінен бірнеше жүлде жиынтығы сарапқа салынды. Ұлттық құрама спортшылары 3 медаль жеңіп алды.

Светлана Анкичева (-50 кг) 2-орын

Диана Каюмова (-59 кг) 2-орын

Зульфия Яхьярова (-55 кг) 3-орын

Айта кетейік, ұзақ жылдан бері өтіп келе жатқан Олимпиада чемпиондары - Яшар Догу, Вехби Эмре мен Хамит Капланды еске алуға арналған дәстүрлі турнир биыл 29 маусымда аяқталады. Ертеңнен бастап бозкілемге еркін күрес шеберлері шығады.

Фото: Түркия күрес федерациясы.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес