20.04.2026 | 00:16

ТАЕКВОНДО: ИСПАНИЯДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРДЕ ҚАЗАҚСТАН 4 МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ

18-19 сәуір аралығында Испанияның Аликанте қаласында таеквондодан (WT) «Spain Open» халықаралық жарысы өтті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Дода қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 1 алтын, 2 күміс және 1 қола медаль иеленді.

Алтын – Бейбарыс Қаблан (+87 кг)

Күміс – Дамир Шүленов (74 кг)

Күміс – Әзім Ниязов (63 кг)

Қола – Назым Махмұтова (73 кг)

Аталған бәсекеге 66 елден 550 спортшы қатысты.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес