02.09.2022 | invalid
Бөлісу:
Таеквондо: Парижде өтетін Гран-приге 5 қазақстандық қатысады
2-4 қыркүйек аралығында Франция астанасы Парижде таеквондодан Гран-при өтеді. Додаға 256 даянг шебері жиналады. Бұл бәсекеде ел намысын 5 спортшы қорғайды. Олар:
Әділет Базарбаев (-68 кг)
Жансель Дениз (+67 кг)
Нұрлан Мырзабаев (-80 кг)
Смайыл Дүйсебай (+80 кг)
Руслан Жапаров (+80 кг).
Жалпы ерлер мен әйелдер олимпиада бағдарламасына кіретін 4 салмақта шеберлік байқасады.
Гран-при жеңімпаздарына Олимпиада қарсаңындағы рейтингте 60 ұпай қосылса, күміс жүлдегер 36, 2 қола жүлдегер 21,6 ұпайға ие болады. Сонымен қатар чемпиондар 5 мың АҚШ долларына, 2-орын алған спортшы 3 мың, 2 қола жүлдегер мың доллар сыйақы алады.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықБАТЫРХАН ТӨЛЕУҒАЛИ ЖҮЛДЕГЕ ТАЛАСА АЛМАЙДЫ
БАТЫРХАН ТӨЛЕУҒАЛИ АЛҒАШҚЫ ҚАРСЫЛАСЫН ҰТТЫ