30.04.2025 | 18:53

ТАЕКВОНДОДАН КЛУБТАР АРАСЫНДАҒЫ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА ҚАЗАҚСТАН 2 АЛТЫН МЕДАЛЬ ИЕЛЕНДІ

Қытайдың Уси қаласында таеквондодан клубтар арасындағы 13-ші Азия чемпионаты мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Қазақстан командасы 2 күнге созылған жарыста 2 алтын, 1 күміс және 4 қола жүлде жеңіп алды. Осылайша, жалпы есепте 4-орыннан көрінді.

Бірінші жарыс күні 57 кг дейінгі салмақтағы Мария Севостьянова чемпион атанса, Бейбарыс Қаблан (+87 кг) күміс медаль иеленді. Осыдан соң Дамир Шүленов (-68 кг) өз салмағында қарсылас шақ келтірген жоқ. Ал Тамирлан Тілеулес (-58 кг), Альтаир Өмірбеков (-74 кг), Батырхан Төлеуғали (-80 кг) мен Нодира Ахмедова (-49 кг) үздік үшіткті түйіндеді.

Айта кетейік, биылғы чемпионатқа құрлықтағы 14 елден 219 спортшы жиналды.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес