22.06.2026 | 22:36

ТАЕКВОНДОДАН ҚАЗАҚСТАН КОМАНДАСЫ АЛТАЙ ОДАҒЫ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ 1-КҮНІ 4 АЛТЫН МЕДАЛЬ ИЕЛЕНДІ

Астана қаласында таеквондодан алғашқы Алтай одағы чемпионаты басталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Жарыстың 1-күні Қазақстан командасы барлығы 18 медаль - 4 алтын, 6 күміс және 8 қола жеңіп алды.

Қазақстан командасы сапынан Самирхон Абабакиров (-63 кг), Бейбарыс Қабылан (+87 кг), Айша Әділбекқызы (-62 кг) мен Назым Махмұтова (-73 кг) жеңімпаз атанды.

Күміс жүлдегерлер – Тамирлан Тілеулес (-58 кг), Мақсат Орынбасар (-74 кг), Айдана Құмартаева (-46 кг), Нұрай Бауыржанова (-49 кг), Нодира Ахмедова (-53 кг), Аяулым Асқар (-67 кг).

Қола жүлдегерлер – Баходир Шапулатов (-54 кг), Мерген Ғаниев (-80 кг), Бауыржан Хасенов (+87 кг), Нұрайым Жұмабек (-49 кг), Айдана Сүндетбай (-53 кг), Аружан Найманбаева (-67 кг), Нұрлы Кеңесбек (-73 кг) пен Ақсәуле Ерқасымова (+73 кг).

Айта кетейік, ертең жастар арасындағы бәсеке өтеді.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес