
16.06.2025 | 11:39
Бөлісу:
ТАЕКВОНДОДАН ҚАЗАҚСТАН КОМАНДАСЫ АУСТРИЯ МЕН АҚШ-ТАҒЫ ТУРНИРДІ ҚОСҚАНДА 2 АЛТЫН, 2 КҮМІС, 4 ҚОЛА МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ
Бүгін таеквондодан АҚШ-тың Шарлотт қаласында Гран-при санатындағы жарыстың алғашқы кезеңі, ал Инсбрук қаласында дәстүрлі Austrian Open жарысы аяқталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
АҚШ-тағы турнирдің шешуші күні Нодира Ахмедова 49 кг дейінгі салмақта күміс жүлдегер атанды. Ол финалда Лю Ю Юнға (Қытайдың Тайпейі) есе жіберді. Осыған дейін Тамерлан Тілеулес (-58 кг) пен Батырхан Төлеуғали (-80 кг) қола жүлдеге ие болған. Енді Шарлотт қаласында жүлде алған даянг шеберлері 2026 жылы Италияның Рим қаласында өтетін Гран-при жарысына барады.
Ал Аустриядағы бәсекеде 5 спортшымыз тұғыр сатысына көтерілді. Азиза Қаражанова (-53 кг) мен Бейбарыс Қабылан (+87 кг) алтыннан алқа тақты. Айдана Сүндетбай (-53 кг) күміс жүлдеге қол жеткізді. Нұрқанат Қожахмет (-87 кг) пен Мерген Ғаниев (-80 кг) өз салмағында 3-орынға тұрақтады.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалық

