07.11.2022 | invalid

Таеквондодан Қазақстан құрамасы Әлем чемпионатына аттанды

Мексиканың Гвадалахара қаласында 13-20 қараша аралығында таеквондодан Әлем чемпионаты өтеді. Пандемиядан кейін алғаш рет өтетін бәсекеге ерлер мен әйелдер арасындағы 16 салмақта 122 елден 755 атлет тіркелген. Ел намысын бұл жолы 15 спортшы қорғайды. Олар:

Ерлер құрамасы – Тамирлан Тілеулес (54 кг), Самирхон Абабакиров (58 кг), Камран Нурадинов (63 кг), Алмат Қожахмет (68 кг), Нұрқанат Қожахмет (74 кг), Рахым Әділханов (80 кг), Смайыл Дүйсебай (87 кг), Руслан Жапаров (87 кг);

Әйелдер құрамасы – Рита Бакишева (46 кг), Ботагөз Қапанова (49 кг), Азиза Қаражанова (53 кг), Камила Аймұқашева (57 кг), Жадыра Хайруллина (62 кг), Нұрай Құсайынова (67 кг), Жансель Дениз (73 кг);

Бас бапкер: Батырбек Есдәулетов.

Гвадалахара Латын Америкасында әлем чемпионатын қабылайтын Пуэбладан (2013 жылы) кейінгі 2-қала болмақ. Бұдан бөлек аталған құрлықта 2014 (Керетаро) пен 2015 жылы (Мехико) Гран-Придің финалы өткен.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес