
15.06.2025 | 13:56
Бөлісу:
ТАЕКВОНДОШЫ ТАМИРЛАН ТІЛЕУЛЕС ОЛИМПИАДА ЧЕМПИОНЫ ВИТО ДЕЛЛЬ'АКВИЛАНЫ ЖЕҢІП, АҚШ-ТАҒЫ ЖАРЫСТА ЖҮЛДЕ ЖЕҢІП АЛДЫ
АҚШ-тың Шарлотт қаласында өтіп жатқан таеквондодан (WT) Гран-при санатындағы жарыстың алғашқы кезеңінде Ұлттық құраманың 2 спортшысы жүлдеге ие болды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Тамирлан Тілеулес 58 кг дейінгі салмақта қола медаль үшін айқаста сенсация тіркеді. Отандасымыз әлем чемпионы, осы салмақта Токио 2020 Олимпиадасының жеңімпазы Вито Делль'аквиланы (Италия) айқын басымдықпен ұтты. Бұл - Тамерланның алғашқы Гран-при жүлдесі.
Ал 80 кг дейінгі салмақта Париж Олимпиадасына қатысқан Батырхан Төлеуғали 3-орын үшін жекпе-жекте Панамерика ойындарының күміс жүлдегері Хоакин Черчилль Мартинестен (Чили) басым түсті.
Айта кетейік, жүлдеге ие болған таеквондошылар 2026 жылы Италияның Рим қаласында өтетін Гран-при жарысына жолдама алды.
Жалпы World Taekwondo Grand Prix Challenge Бүкіләлемдік таеквондо федерациясы күнтізбесіндегі Гран-придің алғашқы кезеңі. Қазір АҚШ-та 44 мемлекеттің 376 өкілі өзара сынға түсіп жатыр. Бүгін түнде жарыстың қалған жүлдегерлері белгілі болады.
Фото: Халықаралық таеквондо федерациясы.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалық

