05.02.2024 | 02:48
Бөлісу:
Таеквондошылар Fujairah Open-де 7 жүлдеге қол жеткізді
Бүгін Біріккен Араб Әмірліктерінің Фуджейра қаласында таеквондодан G2 санатындағы турнир аяқталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Үш күнге созылған бәсекеде Ұлттық құрама спортшылары да бақ сынап, 7 медаль жеңіп алды.
Артық сынға шыққан Аманбол Бегімбетов (63 кг) Ясмина Нарбаева (62 кг) мен Жансель Дениз (73 кг) қарсыласына жол беріп, күміс жүлдегер атанды.
Ал VI жазғы Спартакиаданың жеңімпазы Батырхан Төлеуғали (80 кг) және Бексұлтан Мұсахан (68 кг), Ерасыл Орынбасар (74 кг),
Нұрлан Мырзабаев (87 кг) жартылай финалда сүрініп, өз салмағында үздік үштікті түйіндеді.
Қазақстан құрамасы дәстүрлі бәсекеге тұрақты қатысып тұрады. Мысалы, осыдан екі жыл бұрын осында Ұлттық құрама өкілдері 1 алтын, 3 күміс, 3 қола жүлдеге қол жеткізген.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықМЕМЛЕКЕТТІК ЖАТТЫҚТЫРУШЫ ЖОБАСЫ: АРМАН ШЫЛМАНОВ
ТАЕКВОНДОДАН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫНА 2 КҮН ҚАЛДЫ