14.04.2024 | 15:08
Бөлісу:
Тағы 3 палуанымыз қола жүлдеге таласады
Қырғызстан астанасы Бішкекте өтіп жатқан Азия чемпионатында Ұлттық құраманың 3 палуаны қола жүлде үшін күресуге мүмкіндік алды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Кешке Лаура Алмағанбетова (57 кг), Ирина Казюлина (65 кг) мен Анастасия Панасович (72 кг) өз салмағында үздікті түйіндеуге тырысады. Қазақстан құрамасының 3 спортшысы жартылай финалда қарсыласқа есе жіберді.
Лаура Жапония өкілі Тцугуми Сакурайдың (11-0), Ирина моңғолиялық Энхжин Тувшинжаргалдың (4-6), Анастасия үндістандық Харшита Харшитудың (0-5) мықтылығын мойындады. Осылайша, екі күн ішінде әйелдер күресінен бірде-бір спортшымыз Азия чемпионатының финалына өте алмады.
Ертеңнен бастап бозкілемге грек-рим күресінің шеберлері шығады. Азия чемпионатын Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетіп жатыр.
Суреттер: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықЖӘМИЛА БАҚБЕРГЕНОВА – ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ 4 ДҮРКІН ЖҮЛДЕГЕРІ
ЖӘМИЛӘ БАҚБЕРГЕНОВА 3-РЕТ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ФИНАЛЫНА ШЫҚТЫ