18.08.2023 | 18:39

Тапаншамен нысана көздеуден Ұлттық құрама әлем чемпионатында 7-орын алды

Бүгін Әзербайжан астанасы Бакуде өтіп жатқан нысана көздеуден 53-ші әлем чемпионатында кезекті жүлде жиынтығы сарапқа салынды, деп хабарлайды ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Пневматикалық тапаншамен нысана көздеуден аралас жұптар арасында (микст) қазақстандықтардан үздік көрсеткішті Валерий Рахимжан мен Ирина Юнусметова көрсетті. Олар 578 ұпай жинап, 7-ші болды.

Ал Эльдар Иманқұлов пен Валерия Попелова (Қазақстан-2) әр серияда тұрақты бақ сынай алмай, 32-сатыда қалды. Барлығы іріктеуде 65 жұп қатысқанын айта кетейік.

Жарыс басынан топ бастаған Үндістан-2 құрамасы финалда түркиялық қарсыластарына еш мүмкіндік бермей, алтыннан алқа тақты. Қола жүлде Қытайдың еншісінде кетті.

Қазір жалпы есепте Қытай көш бастап келе жатыр (5 алтын, 2 қола). Одан кейінгі Үндістан мен АҚШ-тың қоржынында 1 алтыннан бар. Қазақстан спортшылары әлі медаль жеңіп алған жоқ.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес